Қызылордада 2 бала газдан уланып көз жұмды
Көз жұмған балалар 2017, 2020 жылдары туған еді.
Қызылорда облысы Шиелі ауданында кішкентай балалар табиғи газдан уланып, көз жұмды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
Кішкентай балалардың бірі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінші, Департамент қызметкерлері қоңырауға 11 қыркүйек күні сағат 7.15-те жауап берді.
Балалар ауылдағы жеке үйде қайтыс болған.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан газ плиталары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрады.