Елордада қайтыс болған музыкант Darkhan Juzz-дің құрметіне мурал пайда болды(видео)
Астанада тұрғын үйлердің бірінде марқұм Darkhan Juzz бейнеленген.
Елордада қайтыс болған музыкант Darkhan Juzz-дің құрметіне мурал пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Астанада тұрғын үйлердің бірінде марқұм Darkhan Juzz бейнеленген. Муралдың авторы суретші Асхат. Askhee.art никнейммен танылған суретші бұл жаңалықпен өз парашасында бөліскен.
Бұл істі жасауға рұқсат берген Астана әкімдігіне өз алғысын айтты.
Тайландта жол апатынан қаза тапқан музыканттан өте жақсы естелік дейді көпшілік.