Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 12 қыркүйектің ауа райына болжау жасалды
Алматыда жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" РМК синоптитері 12 қыркүйек сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 12.09.2023 елімізде ауа райы қолайсыздығы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап ауа температурасы төмендейді. Салқын ауа райымен қатар жел соғады.
Астанада күн бұлтты болуы күтілуде. Жаңбыр жауу көрсеткіші күні бойына 40% көрсетуде. Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +14 аралығында болса, түнде +10 аралығы.
Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады деп болжау жасалды. Жаңбыр таңғы сағат 5-7 шамасында деп күтілуде. Жаңбыр жауу мүмкіндігі 20-50% арасында. Күндіз ауа температурасы ең жоғарысы +19 көрсетсе, ең төмені +13 деп күтілуде.
Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз + 23 жылы болса, түнде +11 болады деп болжанды.