Басты жаңалықтар

"Ұлттық компания басшылары 100 милиондап сыйақы алады": Зайытов ең төменгі жалақыны 300 мың етудің жолын көрсетті

Депутат министрлер қаласа халықтың ең төменгі табысын қазіргіден үш есеге көтеруге болатынын айтты

Ринат Зайытов елімізде бекітілген ең төменгі жалақы - 85 мың теңге түкке де жетпейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. 

«Тарықпай өмір сүру үшін ең төменгі айлық кемі 300 мың теңге болуы керек, бұлай болмаған жағдайда кедейлердің санын одан бетер арттырамыз» - дейді бүгін 2 жылдық бюджетті талқылаған депутаттар.

Үш сағат бойы депутаттар мен жауапты министрлік өкілдері елдегі жалақы мәселесін талқылады. Жалақыны өсіру туралы бір мәмілеге келе алмады. Депутат Ринат Зайытов елімізде бекітілген ең төменгі жалақы - 85 мың теңге түкке де жетпейтінін айтты. 

Ай сайынғы еңбек ақысы халықтың күнделікті өмір сүруіне қажетті заттарға жетпейтінін айтылды. Ең аз жалақыны алатын адамның тіршілігінде ет,майды жеуге жетпейтінін жасырып қалмады.