Басты жаңалықтар

Шымкентте өз жерінен айырылған кәсіпкер жолды жауып тастады

Бұл іске амалсыздан барғанын айтқан.

Шымкентте өз жерінен айырылған кәсіпкер жолды жауып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында шенеуніктердің сөзіне сеніп жерінен айрылған кәсіпкер жолды жауып тастады. Содан соң қалада көлік кептелісі болып, автобустар мен жедел жәрдем жүре алмай қалды. 

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің құжаттарын үш айда реттеп, сатып аламыз деген екен шенеуніктер. Бірақ, кәсіпкерге мүлде қаражат бермеген. Есесіне жерге тас жол төселіпті. Енді ақшасын даулаған азамат көшенің екі басына тас төгіп, қозғалысты бөгеп, жолды жауып тастаған. 

Өз шаруасын жасап жүрген азаматтың жері әкімдіктің қарамағына өткен. «Астанадан премьер-министр келе жатыр, тезірек жол төсеуіміз керек» деген мемлекеттік қызметкерлер құжаттарын 3 айда рәсімдеуге уәде беріп орындамаған. Содан бері талай жыл өтіпті. Уәдесінде тұрмағаны үшін кәсіпкер жолды жауып тұр. Осы күнге дейін «жер салығын төлеп жүрмін» деген азамат бұл қадамға амалсыз барғанын айтады.