3 адамның өмірін құтқарған Асқар Забикулин туралы "Қаhарман" телехикасының тұсауы кесілді
- автор Akarman K
- 12 қыркүйек, 2023
- 1.7k
«Астана» телеарнасында Асқар Забикулинға арналған "Қаhарман" телехикасының түұсауы кесілді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі astanatv.kz сілтеме жасап.
Бұл – қалтарыста қалған қаһармандарды, тасада жүрген тұлғаларды көпке танытатын теле өнім. Басты кейіпкер – былтыр ғана тілсіз жаумен күресіп, 3 адамның өмірін құтқарған, бірақ өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин. Телехикая Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен түсірілді. Тың туыныды жарыққа шығады дегеннен кейін әріптесім Аружан Задабек батырдың отбасымен кездесіп қайтқан еді. Есімі ел есінде қалған азамат туралы келесі сюжетте.
16 қараша күні елордада көпқабатты пәтерден өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер дереу қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Кенет отқа оранған пәтерде 3 адамның қалғаны туралы хабар түсті. Сол сәтте Асқар Забикуллин басын бәйгеге тігіп, тілсіз жаудың тұзағында қалғандарды аман алып шықты. Осы ауысымнан кейін ол асыға күткен еңбек демалысына шығуы керек еді. Бірақ бұл оның соңғы жұмыс күні болған еді.
Асқар Забикулин әжесінің баласы болған. Кішкентайынан жанынан шықпай, ғибратты әңгімеге қанып өскен. 82 жастағы кейуана осыдан 4 жыл бұрын бауыр еті баласынан айырылды. Ол батыр өртсөндірушінің әкесі еді. Енді есін жиып, немере-шөберенің қызығын көремін деген шақта тағы бір қайғы отбасыны айналшықтап алды. Ерке, мінезді, қайсар немересі өмірден озды. Әженің санасында бір ғана сұрақ. «Неге ажал оны алды, неге мені емес?»
"Ақылды немерем еді, алтын. Бір ренжітпейтін, «апалап» тұратын. Алтын еді. Оқудан келеді, үйдің шаруасын істейді. Бір баламен төбелесіп көрген жоқ. «Мен өскен соң сені асыраймын, апа» - дейтін. Сондай ақылды бала еді. Мен неге отырмын 82-ге келіп, ол жоқ. 4 бауыр. Асқардың ағасы, бір қарындасы мен жалғыз інісі бар. Бір құрсақтан шыққан балалардың бауырынан ажырауы олар үшін үлкен сынақ болды. Ағасы Елдар батыр кішкентайынан өзгеден ерек болды – деп еске алды. Ортасына сыйлы, пысық әрі шапшаң болғанын айтты. Бала күнінен өртсөндіруші болуды армандаған. Армананына жетіп мәңгілік сапарға аттанады",-әжесі.
"Мектепте пожарныйға түсемін деді. Мектепте қоңырау болғанда противопожарныйды ашып, сумен шашып жіберген. Офицер боламын деп, форма киемін деп бала кезінен армандаған. Асқардың артында қос қызы қалды. Қазір олар балабақшаға барады. Келіншегі Әнел 2 баласымен батырға берілген 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Асқар қоныс тойын отбасымен бірге тойлауды армандаған еді. Төсбелгі алып, қызметтің шыңына шығуды да қалаған. Дегеніне жетті. Тек көзі тірісінде өзі көре алмады",- батырдың ағасы.
"Қайғылы оқиға орын алғаннан кейін ол жансақтау бөліміне түсті. Сол кезде әр таң сайын қызым шошып оянып, «әке, әке» деп жылайтын. Осы оқиға 4 күн қатарынан қайталанды. Қайтыс болған күнге дейін құсып, іші өтіп қатты ауырды. 3 күннен кейін өзінен-өзі жазылды. Әкесі мен қызы бір-бірін қатты сезеді. Қазір әкесі оның түсіне жиі кіреді. Ол ұйқысынан ояна салып, маған айтып береді. Түсінде әкесі құшақтайды екен",- деді жары.
№6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі енді Асқар Забикулиннің атымен аталады. Бұл – ТМД аумағындағы өрт сөндірушінің есімі берілген жалғыз бөлім.