Әлімжеттіктен суицидке барған 4- сынып оқушысының әжесі бар сұмдықты жайып салды
- автор Akarman K
- 13 қыркүйек, 2023
- 6.6k
Мектепте әлімжеттікке ұшыраған оқушы өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Алматы облысынында 10 жастағы оқушысы қатарластарының қысымынан кейін дәрі ішіп өзіне қол жұмсамақ болған. Төртінші сынып оқушысы хат жазып, өзіне қысым көрсеткендердің есімін де жазып қалдырған.
«Шашымды кесті. Қылқындырды. Дәретхана суына малынған кәмпитті жегізді» бір өлімнен қалған 10 жастағы баланың хатының мазмұны осындай болған.
"Киіміне дейін жыртқан. Бір сөзбен айтқанда, сыныптастары әбден мазақ қылған. Оның айтқанына ешкім сенбегендіктен, қысымға шыдамай дәрі ішкен. Жексенбі күні ауруханада болдық. Қазір балам шошып қалған. Ешкіммен сөйлеспейді. Тамақ ішпейді. «Анашым, ешқайда кетпе» деп жалынады. Прокуратура, полицияға жазған арызымды қайтарып алу үшін директор ақша ұсынды. «200 мың теңге беремін» деді. Бірақ мен бас тарттым",- дейді баланың анасы Әсем Биғалиева.
Талғар ауданындағы 29 мектеп директоры баланың мұндай қысым көруі мүмкін емес дейді. Арызды алуға баланың анасына 200 мың тенге ұсынғанын да жоққа шығаруда.
"Бала атап отырған екі баладан да сұхбат алдық. Балалар ондай жағдай болған жоқ деп айтып отыр. Сонан кейін мектеп бейнебақылау камераларын қарадық. Үшеуі бірге әжетханаға кірген емес. Камерада көрінер еді ғой, үшеуі бірге кіріп кетсе. Өзінің бірге оқитын төртінші сыныптың екі баласы деп атап тұр. Бірақ дәлел жоқ боп тұр",-дейді директор.
"Оқуағарту министрлігінің Алматы облысы білім басқармасының өкілдері аталған мектепке жедел жетті. Қазір жағдайдың анық-қанығы анықталуда. Бұл оқиға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Бала құқығын қорғау комитетінің тікелей бақылауында",- деді Жібек Нұржан.
Әсем Бигалиеваның жазған арызы ауданда полиция бөлімінде тіркелген. Алдағы уақытта жауапты орын істің ақ-қарасын ажыратады.
"Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың үйінде 10 талға жуық дәрі ішкені анықталды. Қазір істің мәнжайын толық және жан-жақты, объективті зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындау мен барлық қажет тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Аталған жұмыс нәтижесі бойынша нақты шешім қабылданатын болады",- дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі.
Дәрі ішіп өзін өлтірмек болған баланың сұхбаттасуға шамасы жоқ. Жалдамалы үйде тұратын бұл отбасының мүгедек қызы бар екен.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024