Басты жаңалықтар

Әлімжеттіктен суицидке барған 4- сынып оқушысының әжесі бар сұмдықты жайып салды

Баланың анасы: арызды қайта алу үшін 200 мың тенге беремін деген директордың ұсынысынан бастарттым

Мектепте әлімжеттікке ұшыраған оқушы өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысынында  10 жастағы оқушысы қатарластарының қысымынан кейін дәрі ішіп өзіне қол жұмсамақ болған.  Төртінші сынып оқушысы хат жазып, өзіне қысым көрсеткендердің есімін де жазып қалдырған. 

«Шашымды кесті. Қылқындырды. Дәретхана суына малынған кәмпитті жегізді» бір өлімнен қалған 10 жастағы баланың хатының мазмұны осындай болған. 

Талғар ауданындағы 29 мектеп директоры баланың мұндай қысым көруі мүмкін емес дейді. Арызды алуға баланың анасына 200 мың тенге ұсынғанын да жоққа шығаруда. 

Әсем Бигалиеваның жазған арызы ауданда полиция бөлімінде тіркелген. Алдағы уақытта жауапты орын істің ақ-қарасын ажыратады. 

Дәрі ішіп өзін өлтірмек болған баланың сұхбаттасуға шамасы жоқ. Жалдамалы үйде тұратын бұл отбасының мүгедек қызы бар екен.