Басты жаңалықтар
Жапондықтар бірде-бір рет қателеспеген көріпкел сегізаяқты жеп қойды
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2018
- 401
Ол әлем чемпионатындағы жапон футболшыларының тағдырын болжаған
Әлем чемпионатындағы жапондық футбол командасының тағдырын алдын-ала дәл болжаған сегізаяқты жеп қойды деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Рабьо есімімен танымал болған алып сегізаяқ осы уақытқа дейін көріпкелділігімен танымал болған. Ойын алдында сегізаяқты бассейінге кіргізіп, бір жағына Жапонияның, екінші жағына қарама қарсы елдік, және тепе-теңдік көрсететін ту тіккен. Ол ойланбастан жапондықтардың туына қарай жылжыған. Ол осы уақытқа дейін Жапония мен Колумбияның, Сенегал, Польша командаларымен болатын ойындарын тура болжаған. Оны теңізден аулап алған балықшы чемпионаттың аяқталуына дейін шыдай алмай, сегізаяқты сойып, базарда сатып жіберді. Ол Рабьо секілді тағы бір сегізаяқ табылатынына сенімді.