Жол апатынан жапа шеккен 21 жастағы қыз кінәлілердің жазалануын сұрауда
Анасы: қызымды көлік апатынан кейін танымай қалдым.
Жол апатынан жапа шеккен 21 жастағы қыз кінәлілердің ісіне жауап беруін сұрауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Осыдан бір жарым ай бұрын Оразымай жан түршігерлік жол апатына түседі. Оразымай отырған көлік тайотаға соғысады. Үлкен жол апаты салдарынан 21 жасар қыз жанын әрең аман алып қалған. Айтуынша осы апаттан соң Оразымайдың қазіргі жағдайы қиын. Отадан соң бетінде үлкен іздері қалған.
Осы жол көлік апатына кәніләлер әлі жауапқа тартылмаған. Жапа шегушінің әпкесі Ұлтай кінәлілер өз ісіне жауап бермей, құтылып кететін болды деген уайымымен бөлісті.
21 жасар қызды бұл жағдайға жеткізген жол апаты күндіз орын алған. Өзінің бетіндегі жарадан бөлек, жан жарасыда күннен күнге асқынуда. Жапа шегушінің анасын қызының баяғыдай емес екенін айтуда. Қызымды танымай қалдым дейді ол.