4 баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы күйеуінің мейірімділігіне қуанып жылады
Айдын: Адам баласына жасаған жақсылығым Құдайдан қайтты деген осы. Рас бақыттымын.
Америкада тұратын Айдын күйеуінің мейірімділігін көріп жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Қазақ қызы бұл жайлы өз инстаграм парақшасында бөліскен.
Айдын үнемі оқырман қыз-келіншектеріне қолдау көрсетуге дайын. Әлеуметтік желіде белсенді ару балалардың еміне көмектесіп, қарттар үйіне барып қариялардың көңіл-күйін көтеріп тұрады. Инстаграмға жүктеген бұл видеосы оқырман қыздарының жүрегін елжіретті.
"Сенде мүмкіндік болды. Сен ең жақсы әкені таңдадың", "Туған әкеден жылу көрмей жүргендер бар", "қазақтың ер азаматтары да осылай баламен айналыссағой біраз өзгеріс болатын еді", "сүйсіне қарайтын көрініс",- дейді желі оқырмандары.
Айта кетейік, біз бұған дейін Айдынның АҚШ-та қазақ қызына көмектескені туралы жазған едік.