Жас ана: сәбидің құлағы естімей, екі қолыда 3 саусақпен туылуына дәрігерлер кінәлі
Сәбидің жүрегінде тесік болған.
Талғар ауданына қарасты ауылда сәбидің ақаумен туылуына жас ана дәрігерлерді кінәлап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Қыздар-ай бағдарламасына сілтеме жасап.
Құлағы естімейтін, жүрегінде тесік бар, екі қолында да 3 саусақпен туған бала, екі айдан соң өмірден өтті. Сәбидің анасы баласын мұндай жағдаймен өмірге әкелемін деп күтпеген. Бірінші және екінші тексерісінде анықталмаған диагноз, үшіншісінде айтфлған еді. Сәбиінің жағдайын тек 28 аптада білген. Оған дейінгі УЗИ нәтиделерінде анықталмаған. Сәбиінен айырылған ана бұл жағдайға дәрігерлер кінәлі деп отыр. Себебі, жүктіліктің 20 аптасында баланың жағдайфн білуге мүмкіндік болған екен дейді. Бірақ дәрігерлер әйелге ештеңе айтпаған.
Дәрігерлер тегін УЗИ бола тұра, ақылыға жіберді дейді ерекше баланың анасы. Ойындағы өкініші сол кезде мемлекеттік тегін УЗИ-ға барғанда алдын ала білуге мүмкіндік болатын айтты.
Ерекше баланың анасы бұл оқиғаға кінәлі деп тұрғылықты мекен жайына қарасты медбике Панаргүл Күнсақалованы айтуда.
Заңгер бұл оқиғада бірнеше құқық бұзушылық орын алғанын жеткізді. Бірінші олар тегін мемлекеттік тексеру орны бола тұра ақыл УЗИ-ға жіберген қозғады. Бұл жерде сыбайлас жемқорлықтың орын алған болуы керек дейді ол.
39 жыл бойы медбике болып жұмыс істеген Панаргүл қазір жұмыстан өз еркімен кетіп, зейнетке шыққан. Ерекше баланың анасы болған Аида Омаровадан кешірім сұрады.