Әсел Асқар: сыйлық берген кезде алыңыздар, ұрған кезде қашыңыздар
- автор Akarman K
- 15 қыркүйек, 2023
- 5.5k
Әлеуметтік желіде өте белсенді блогер әйелдерге үнедеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы мамский әңгімеге берген сұхбатында айтқан.
Сәбиінен айырылған блогер сұхбат барысында балалар жайлы, өзінің осы қиын жағдайдан қалай шыққаны жайлы айтты. Басынан түрлі сәттерді өткізіп жатқан қыз-келіншектерге өздерімен мақтануды, алға қарау жүріп, жақсы іс істеуді насихаттады. Бәрінен жақсылық көріп, эмоция алуға тырысыңыздар дейді ол.
"Өзіңізді осындай сәттерді басыңыздан өткере алғаныңыз үшін құрметтеңіз Өздеріңізбен мақтаныңыздар. Бізге айтадығой тек мықтыға сынақ береді деп. Мүмкін солай. Осыны бергені үшін Аллаға шүкіршілік айтыңыздар. Тек қана жаңа эмоция беретін жолдарды іздеңіздер. Қайырымдылықпен айналысыңыздар. Сен блогерсіңғой, саған оңайғой демеңіздер. Менің ақшамды санаудың қажеті жоқ. Сізге қайырымдылықпен айналысуға кім кедергі. Жұмыс жасаңыздар. Сіздерді ешкім ұстап тұрған жоқ. Бәрімізде бірдей мүмкіндік. Сосын жасаңыздар. Жұмыс жасаңыздар біреуге көмек беру үшін",- дейді блогер Асель Асқар.