Мәдина Сәдуақасова : күйеуім маған кішкентай қыз сияқты қарайды
Әнші екінші рет ана атанғысы келетінін жасырмады.
Мадина Садуақасова күйеуінің өзін кішкентай қыз сияқты қарайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы мамский әңгімеге берген сұхбатында айтқан.
Бұл сұхбатта әнші өзін басқаша қырынан көрсетті. Өмірлік серігімен таныстығы, тойлары, ата-енесімен қарым-қатынасы, бала тәрбиесі жайлы сөз қозғады.
Бір ұлдың анасы Мәдина Сәдуақасова екінші рет ана болғысы келетінін жасырмады. Күйеуінің де соны қалап жүргенін айтты.
Сұхбат көрермендері Мәдинаға деген күйеуінің қамқорлығын естіп таңқалуда. Күйеуі өте қамқор, тәрбиелі, өзін жақсы қалыптастырған ер азамат деуде олар.
Еске сала кетейік, 8 қыркүйек күні Мәдина Сәдуақасова өзінің туған күнін ерекше етіп тойлаған еді. Ол жайлы әнші парақшасында бөліскен.