Мәдениет

Нұрлан Қоянбаев: Жаңалық жасағым келді

Қазақша бизнес Бразилияда түсірілетін болды.

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев өзінің жаңалық жасағысы келетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Продюсер бұл жайлы NTK Entertainment-ке берген сұхбатында айтқан.

Елдегі ең жоғары кассалы фильмнің продюсері тағы да кино түсірмек. Қоянбаев бұл жолы кино түсіруге Бразилия жерін таңдаған. 

Аталмыш фильм осыған дейін 6 елде түсірілген. Олардың қатарында Африка, Түркия, Корея, Индия секілді экономикасы дамыған елдер бар.  Бұл бөлімде біраз өзгерістер болады дейді Нұрлан мырза.

Актерлық құрамның 80% өзгергенін де хабарлады. Әр елде түсірілген бұл кино түрлі талғамға сай дейді продюсер. Біреуге Кореядағы, біреуге Түркиядағы шыққаны ұнайтынын айтты.  Бұл жолы көп өзгерістер жасап, көпшіліктің көңілінен шығаруға тырысатынын айтты.