Басты жаңалықтар

Гүлбану Әният: кезінде Түркияға барып Дикий Арманнан пәшкілеп доллар алған әнші-ақындар үнсіз... ( фото)

Журналист: бір кем дүние...

Журналист Гүлбану Әният Дикий Арман ісіне қатысты "кезінде Түркияға барып Дикий Арманнан пәшкілеп доллар алған әнші-ақындар үнсіз "  деп пікір білдірді. Журналист ойын инстаграм парақшасында жариялаған.

Кеше "Дикий Арманға" қатысты сот отырысы басталған. Қазіргі кезде 45 адам айыпталушы орындығында отыр. Жәбірленушілер адвокаттарының бірі  сегіз адам жасырын түрде қатысып отырғанын айтты.

Ал, бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта  "Дикий Арман" деген атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің  және басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасуда.