Павлодарда бір жастан асқан бала балабақшаға сау барып, бірнеше ауыр жарақатпен қайтқан
Дәрігер: Басында үш гемотома бар
Павлодарда бір жастан асқан баланы анасы балабақшадан 3 түрлі жарақатпен алып қайтқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі tipavlo.dar-ға сілтеме жасап.
Оқиға 14 қыркүйекте болған. Кішкентай қыз 1 жас 8 айлық. Игілік жеке балабақшасына барған. Кішкентай қыздың анасы баланың ұрып - соққанға ұқсайтынын бірден байқаған. Бірақ, балабақша қызметкерлері баланы ешкім ұрмады деп сендірген.
Баланың анасы дәрігерлерге жүгенеді. Олар баланың үш гематомасын растады. Осыдан кейін балабақша қызметкерлері айқын нәрсені жоққа шығаруды тоқтатып, баланың анасына қыздың шынымен құлағанын айтқан.
Жағдайды камералар анықтауға болар еді. Бірақ, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтып, бейнебақылау өшірулі болған дейді.