Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда әйелді және оның 18-ге толмаған екі баласын айуандықпен өлтірген ер адам ұсталды

Алматыда әйелді және оның 18-ге толмаған  екі баласын айуандықпен өлтірген ер адам ұсталды
ПД
Күдікті өз қылмысын жасыру үшін мәйіттерді бір жерге жинап, үйді өртеп жіберген еді

Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген күдікті ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамауға алынды.

«Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», - деп толықтырды Әленов.
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар