Басты жаңалықтар

Түркістан облысында оқушылар мал бордақылайтын жерде оқып жүр

Облыстағы жауапты шенеуніктер тек уәде берумен шектелген.

Түркістан облысына қарасты Ынтымақ ауылында оқушылар мал бордақылайтын жерде оқып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындары бұл жерде балаларының білім алып жатқанына 34 жылдай болды дейді. Әбден тозығы жеткен жерде жылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Облыстағы жауапты шенеуніктер тек уәде берумен шектелген. 

Қазіргі уақытты бұл мектепте 205 оқушы білім алуда. 10,11 сынып оқушылары орын жетпеген соң көрші ауыл мектептеріне барып оқуда.  Ал, оқытушылар дәлізде сабағына дайындалады екен. 

Мұғалімдер бірнеше жылдан бері ғимарат керек деп хат жазса, ата-аналар облыс әкімдеріне дейін барған екен. Сөйтіп, 20-шы жылы 981 миллион теңгеге мектеп салмақ болған кезде, қаржы жоқ деп кері қайтарылыпты. Енді сол 200 орындық мектептің құны бір миллиард 642 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетіпті. Облыстық ақжағалылар қолдап жіберсе биыл жаңа мектеп құрылысы басталмақ.

3 жылда құрылыс құны екі есе өскен мектепті атқамінерлер қолдап жіберсе Ынтымақ ауылының оқушылары келер оқу жылын спорт зал, акт залы мен мұғалімдер бөлмесіне дейін бар жаңа мектепте қарсы алмақ. Ал, егер қолдамаса қазіргідей қырық жамау ескі ғимаратта оқуын жалғастырудан басқа амалдары жоқ.