Ләйлә Сұлтанқызы: Нұреке, сіз лайықтысыз
Әлеуметтік желіде өте танымал, түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беретін имам, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы "Жыл адамы 2023" атанды, деп хабарлады KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Ләйлә Сұлтанқызы өз инстаграм парақшасында жариялаған.
"Адамның емес, Алланың дегені болады. Құдайдың құдіреті деймін. Бір қатарда көрші болып, Нұрлан имаммен қатар отырдым. Құтты болсын, Нұреке. Сіз лайықтысыз", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Нұрлан имам қазіргі таңда жастардың өз тілінде сөйлеп, ұрпаққа дұрыс бағыт көрсетуде дейді көпшілік. Әлеуметтік желіде 700 мыңнан астап оқырмандары бар. Жұрт дінді қарапайым өз тілімізде түсіндіретінін ұнатамыз дейді.
Келесі мақала