Қоғам

Астанада зейнеткер терезе тазартып жүрген альпинисті ұры деп ойлап, арқанын кесіп тастаған

Альпинист арыз жазудан бас тартты.

Астана қаласында зейнет жасындағы әйел өнеркәсіптік альпинисті ұры деп ойлап, арқанын кесіп тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның бейнежазбасы тараған. Астана полиция департаменті бұл істі растаған. 

"Мәлім болғандай оқиғаға әженің қатысы бар екен. Тексеріс нәтижесінде әже альпинисті ұры деп ойлап, арқанды кесіп тастаған. Альпинист арыз жазудан бас тартты",-делінген полицияның баспасөз қызметі хабарламасында.

Учаскелік инспекторлар егде жастағы әйелге түсіндірме жұмыстарын жүргізген.