Басты жаңалықтар

Таразда "мектепті жарамыз" деп полицияны аяғынан тік тұрғызған екі оқушының ата-анасы 17 миллион айыппұл төлеуге міндеттелді

8-сынып оқушылары сабақты болдырмау үшін осылай алдаған екен

Таразда түн уақытында "мектепті жарамыз" деп хабарлама жолдаған екі оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. Олар осы әрекеттерін тоқтату үшін өздеріне қомақты ақша сұраған, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Екі оқушы "10 миллион теңге алмасақ мектепті жарып жібереміз" деп түнгі уақытта облыстық Білім басқармасының Telegram-ботына хабарлама қалдырған. Қаладағы №51 мектепте жарылыс болуы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін барлық құзырлы орган мектептің жан-жағын жіті тексерген. Ақыры ештеңе табылмаған.

Артынша 8-сыныптың екі оқушысы сабақты болдырмау үшін осындай әрекетке барғаны анықталған. Оқушылар жалған хабарлама таратқанын мойындаған. Енді осы үшін олардың ата-анасы жауапқа тартылмақ. Оқушылардың ата-анасы 17 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталған.