Басты жаңалықтар

Қарапайым екі жігіт әйел мен оның екі баласын өлтірген қылмыскерді қалай ұстағанын айтып берді

Төрт күннен бері полиция жер-көктен іздеп таппай жатқан күдіктіні көшеде кездейсоқ кетіп бара жатқан жігіттер танып қалып ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Азаматтық некедегі әйел мен екі баласын өлтірген қылмыскерді қарапайым жігіттер танып қалып ұстап алған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Алматыда бірге тұрған әйел мен оның екі баласын өлтіріп, артынан үйімен қоса өртеп жіберген қаскөйді ұстаған екі жігіт болған оқиғаны айтып берді. Қырағы жігіттер күдіктіні қонақ үйден орын іздеп жүрген жерінен байқапты.  Басын қатерге тіксе де, еш ойланбай әрекетке көшіп, полицияға тапсырыпты. Ал қонақ үйдің әкімшілігі күдікті қылмыс жасаған күнге дейін бірнеше тәулік бөлме жалдап жатқанын айтады. Төрт күннен бері полиция жер-көктен іздеп таппай жатқан күдіктіні көшеде кездейсоқ кетіп бара жатқан жігіттер ұстады. Дүкеннен шығып, жолдың қарсы бетіндегі қонақ үйге бет алған оны алдымен Рахат Хайфназаров байқаған. Досы дүкеннен шығам дегенше, өзі бірден бас салып жерге жыққан. 

 

Қылмыскер тұрған қонақ үй қызметкері мінезінің оғаш екенін бірден байқаған. Бірақ, бірдеңе дұрыс болмай,ашулы шығар деген ой болған екен.