Спорт

Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады

Тоқаев: Бұл-тарихи жетістік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. 

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – дейді президент.

Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Осылайша, ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанып отыр.