Мәдениет

Ерболат Беделхан жаңа қыздар тобын құрды

Продюсердің жаңа тобы “T’OI” деп аталады. 4 қыздан құралған.

Продюсер  Ерболат Беделхан жаңа қыздар тобын шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы "Жаңа түнгі студияға" берген сұхбатында хабарлаған. 

4 қыздан  тұратын топ, жуырда шығады. Қыздар тобының мүшелерінің біреуі қарағандылық, екіншісі жезқазғандық, екеуі алматылық дейді продюсер. 

Бұл топтың шығуын күтіп жүргендер көп екен. Сұхбат көрермендері Ерболаттың креативке толы, жасаған продюсерлік жұмысы жақсы шығатынын айтуда. Жаңа қыздар тобын күтетіндер де аз емес екен.

Айта кетейік, елге жаңа бағытты алып келген әнші әрі продюсер жақында ғана "Орда" тобының жалғасы "Орта" тобын шығарған еді.