Мақпал Жүнісова әкесі туралы естеліктерді есіне алып жылап қалды
Мақпалдың анасы: әкесі әнші болғанын көрмей кетті.
Мақпал Жүнісова әкесі туралы естеліктерді есіне алып жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанның хабар арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болды. Есіктер ішінен сары есікті таңдаған әнші өзінің жастық шағын, алғашқы рет әншілікке қадам басқан сәттерін, әкесі туралы анасының әңгімесін естіп жылап қалды.
Әкесі қызының білім алуы үшін Қарағандыға апарған екен. Басында орыс музыкалық мектебіне беруге тырысқан. Бірақ әнші орыс тілінін білмегендігінен қымсынып, қазақша мектепке баруды таңдаған. Солай әкесі сол жерден ауылға әкелмей, қалада оқисың деп қазақша мектеп интернатына апарған.
Әншінің сіңілісі бірге әке-шешесі болып, бауырларымен бас қосқан кездің болмағанын айтты. Ал әншінің көршісі Мақпал Жүнісованың әкесінің жомарттығын, жұмсақтығын сөз қылды.
Онымен қоса, әншінің отбасындағы пысықтығы, өзін ұстауы жайлы да айтылды.