Мәдениет

Мақпал Жүнісова : Закең өлген соң 3 жылдай маған сахна берілмеді, сол мен үшін өліммен тең болды

Әнші Мақпал Жүнісова қалай жолдасы Заманбекпен танысқанын айтты.

Мақпал Жүнісова  күйеуі Заманбек Нұрқәділов  қайтыс болған  соң 3 жылдай  сахнаға шығуына рұқсат берілмегенін және соның өзі үшін өліммен тең болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Өз жарымен пәтер сұрап барған кезде танысқаны да айтылды. Үйін, дүние мүлкін екі ұлы мен әйеліне қалдырып, бір чемоданмен келген еді дейді әнші. Солай күйеуінің бірде жұмысы бар, бірде жолдасын жұмыстан шығарып тастайтын кездерін есіне алды. Үйленгеннен кейін жары әншінің киіміне, ән сапарыма шектеу қойған. Күйеуі не айтса соны  жасағанын да айтты.