25 жастағы Зере Әбутәліпованың өлімін қайын жұрты марқұмның туғандарынан жасырған
Асылып өлді деген Зеренің мойынынан арқанның емес, қолдың іздерін анасы анық байқағанын айтты.
2 баланың анасы Зере Әбутәліпованың өлімін қайын жұрты қыздың туғандарынан жасырған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Koremiz” бағдарламасына сілтеме жасап.
21 шілде күні Зере Әбутәліпованың денесі Тереңөзек ауылындағы үйінен табылған. Қора маңындағы асылып тұрған денені бірінші күйеуі мен енесі көреді. Дегенмен, олар келіннің ата-анасын хабар беруге асықпаған. Қаза болған Зеренің анасы бұл іске қайын жұртын кінәлап отыр. Себебі, мойынынан қол іздерін анық байқаған.
Бимен айналысып белсенді өмір сүрген Зерені анасы, кішкентайы баласы бар, ол өзін өлтіруге бармайды дейді.
Оқиғаның қалай болған, не болғаны жөнінде зерттеу жүргізілуде.
Айта кетейік, қаза болған 25 жастағы келіншектің артында 2 кішкентай баласы қалған.