Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек: Балғынбек Имашев жұрттан алдап алған ақшаны қайтарып беріңіз (видео)

Айгүл Орынбек: Балғынбек Имашев жұрттан алдап алған ақшаны қайтарып беріңіз (видео)
Ашық дереккөзі
Заңгерге бір топ елордалық Балғынбек Имашевқа алданғандарын айтып, өзінен көмек сұрағанын жеткізді

Заңгер, құқұқ қорғаушы Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевқа жұрттан алдап алған ақшасын қайтаруын сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы заңгер инстаграм парақшасында жариялаған еді. 

""Аманат хоум" салымшылары маған шығап жатыр көмек сұрап. Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай,ұят болады.  Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме? 

ҚР Бас прокуратурасы , РК ҚР Ішкі істер министрлігі  Қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар?Міндетті түрде халық өзін өзі өртеу керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр.  Жылдам қозғап жіберіңіздер. Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын! ",- деп жазба жариялады Айгүл Орынбек. 

Заңгер көп балалы ананың Балғынбек Имашевқа алданғанын бөліскен. Тек ол әйел ғана емес, елордалық бір топ алданғанын парақшасына жариялаған.
 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар