Айгүл Орынбек: Балғынбек Имашев жұрттан алдап алған ақшаны қайтарып беріңіз (видео)
Заңгерге бір топ елордалық Балғынбек Имашевқа алданғандарын айтып, өзінен көмек сұрағанын жеткізді
Заңгер, құқұқ қорғаушы Айгүл Орынбек Балғынбек Имашевқа жұрттан алдап алған ақшасын қайтаруын сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы заңгер инстаграм парақшасында жариялаған еді.
Заңгер көп балалы ананың Балғынбек Имашевқа алданғанын бөліскен. Тек ол әйел ғана емес, елордалық бір топ алданғанын парақшасына жариялаған.