Ақтөбеде көлік апатынан төрт адам қайтыс болды
Көлік асфальт тегістегіш техникаға соғылып, барлығы оқиға орнында көз жұмды.
Ақтөбе облысында көлік апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Елек ауылы маңында жол жөндеу жұмысына байланысты трасса уақытша жабық болған. Лада Грантаны тізгіндеген 39 жастағы жүргізуші уақытша жабық болғанына қарамастан жүйіткіп өтеді. Қатты жүрген соң жол бойында тұрған асфальт тегістегіш техникаға соғылған. Сол үшін жүргізуінің өзі және жанында болған үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Марқұмдар сол жол құрылысын жүргізіп жатқан компанияда жұмыс істеген.