Индира Еділбаева: ата-енемнен бөлек тұрамыз
Әнші киім жуып, үтіктеп, тамақ пісіруді күйеуіне деген махаббаттан жасайтынын айтты.
Жақында ғана күйеуге шыққан әнші Индира Еділбаева отбасылық өмірінің қалай болып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі NTK Entertainment-ке сілтеме жасап.
Әнші үйлену тойларын қыркүйектің басында жасаған еді. Мәскеуде танысқан жұп, екі жылдан кейін отбасын құрған. Балиде әншіге күйеуге шығуға ерекше етіп ұсыныс жасаған. Әншінің күйеуі қазір жауапкершілікті сезінетінін айтты.
Әншінің жары Камалдин қазір үйіне құстай ұшатынын айтты.