Мәдениет

Мейрамбек Беспаев: Бірінші түріне ғашық болдым да, сонан кейін өзіне ғашық болдым

Әнші жарымен қалай үйленгені жайлы айтып берді.

Әнші Мейрамбек Беспаев жарымен қалай танысып, қалай үйленгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасында айтылған. 

Сұхбатта әншінің жары таныстықтарының қалай өткеніне тоқталды.  Кездейсоқ танысқан жұп қазір бақытты отбасы. Жұлдызды жұптың ұлы мен қызы бар.

Мархабат анасынан Мейрамбек Беспаевтың кім екенін сұрастырған. Одан кейін ғана барып әнші жайлы білген екен. 

Жарының алғашында мән бермегені назарын аударғанын әнші жасырмады.