Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Ауыл тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді
Абай облысының Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында төтенша жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауыл тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.
Мамандардың айтуынша, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немесе ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.