Мәдениет

Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісіп, аяғы ауыр екенін көрсетті

Жасына қарап тағы да ана болу бақыты бұйырмайды-ау деп ойлаған әнші бұл жаңалыққа қатты қуанған екен.

Әнші Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Әнші бұл туралы инстаграм желісіне жазған

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы өзінің сәби күтіп жүргенін айтты. 

Бұдан бөлек өзінің пендешілікке салынып ұл баланы күтетінін жазған. Бірақ жары ұл немесе қыз деп бөлмейтінін жеткізген. 

Әншінің оқырмандары бұл фотосуретті көріп бақытты болуын , аман-есен босанып алуын,  балаларының рахатын көруін тілеп, пікір білдіруде.