Әнші Рамазан Елібаев миына ота жасау үшін халықтан қаржылай көмек сұрауда (видео)
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ауыр дертке шылдыққанын өзі мәлімдеді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Рамазан Елібаев ауыр дертке шалдығып, миына ота жасау үшін көмек сұрауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желіде әншінің өз түскен видео тараған.
Әнші, композитор ретінде елімізде өз орнын қалыстастырған Рамазан Елібаев денсаулығына байланысты өнерден қол үзген. 3-дәрежелі "паркинсон" ауруына шалдыққан екен.
Рамазан мырзаның айтуынша, ауру күннен күнге күшейіп барады. Қазіргі таңда тек дәрінің күшімен жүр екен. Дәрі ішпеген жағдайды қимылсыз қалып, тамақтана алмайды. Осы кезге дейін екі рет өлім аузынан қалған композитор, аурудан айығудың жалғыз жолы - миға арнайы ота жасату деді.
"Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пайда", "Көздер-ай", "Жас улан" әндерін орындаушы Рамазан Елібаевтың емделуіне 15 миллион қаражат қажет. Композитор ақшалай көмек көрсетуді сұрауда.