Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды
Депутат Берік Бейсенғалиев бұл шешімді растады.
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Депутат Берік Бейсенғалиев бұл шешімді растады.
Бұған дейін мәжіліс депутаттары тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату жөніндегі түзетуді қолдап дауыс берген. Кеңесті тарату туралы түзету "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Ол екінші оқылымда қабылданған еді.