Жамбылда мемлекеттен таңқурай отырғызу үшін бөлінген 900 млн тенге ұрланған
Бюджеттен бөлінген ақша тиесілі жеріне жетпеген.
Жамбыл облысында мемлекеттен таңқурайдың элиталық сортын отырғызу үшін бөлінген 900 млн тенге ұрланған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бюджеттен бөлінген қаражат өзіне тиесілі жерге жетпеген соң элиталық таңқурайдың мүлде отырғызылмаған болып шықты. 2 жылдың ішінде елімізге 900 млн тенге шығын келтірген. Осы іс бойынша қылмыс кодексіне сай тергеу басталды.