Басты жаңалықтар

Тоқаев: Құран секілді қасиетті кітаптың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс

Біріккен ұлттар ұйымына Қазақстанды негізгі азық-түлік жеткізуші аймақ хабқа айналдыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құран секілді қасиетті кітаптың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымына Қазақстанды негізгі азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналдыруды ұсынды. Ол үшін бізде барлық қажет ресурс, инфрақұрылым мен логистика бар екенін айтты. 

Бас ассамблеяның 78-ші сессиясында сөз сөйлеген президент су тапшылығына да ерекше тоқталды. Бүгінде әлемде су мәселесі өткір тұр. 2040 жылға қарай суға сұраныс 40 пайыздан асуы бек мүмкін. Сондықтан бұл проблеманы шешу үшін Тоқаев саяси күш-жігер мен экономикалық ресурстарды дереу бірлесіп, жұдырықтай жұмылуға шақырды. 

Президент қазіргі геосаяси дағдарысты да тілге тиек етті. Халықаралық дауларды шешуде әрқашан дипломатия мен диалог бірінші тұруы керек деді мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында бірқатар елдің басшыларымен де келіссөз жүргізді. Әсіресе Орталық Азия елдері басшылары мен АҚШ президентінің қатысуымен өткен саммит аса маңызға ие. С5+1 форматындағы жиында экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, тұрақты дамуын һәм өркендеуін одан әрі нығайту мәселесі сөз болды.