Мәдениет

"Бәрімізді жылаттыңдар" Абай Бегейдің жасаған тосынсыйына оқырмандары мен әйелі жылап қалды (видео)

Әншінің екінші әйелі Фариза алғашында бірінші әйелінен туған қыздардың өзі жасаған тамақты жемей, тіпті амандаспай қойғанын еске алды.

Абай Бегей қыздары мен әйелі әншінің түн ортасында жасаған тосынсыйына жылап қалды.Бұл видеоны әлеуметтік желіге түнде жүктеген. Әншінің екінші әйелі үйленген кездегі қиыншылықтарын еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Жуырда ғана ұлының үйленетінін хабарлаған әнші тағы да оқырмандарының назарын өзіне аудартты. Әншінің отбасындағы бірлікке, екінші әйелі мен бірінші некесіндегі балалардың қарым-қатынасына бәрі қызықты. Отбасының ұйытқысы болып отырған екінші әйел Фаризаға ризамыз дейді оқырмандары.

Фариза алғаш үйленген кездегі әншінің бірінші некесінен туған қыздарының оның тамағын жемегенін, тіпті амандаспаған кездерін есіне алып жылады. Не істесем ренжімейді, не айтсам ренжімейді деген ұранмен өмір сүретінмін дейді. Қазіргі кездегі қыздармен жақсы қарым-қатынасты дұға етіп сұрап алғанын жазды. 

 "Қыздарымен әкесінің арасындағы өте жақсы байланыс қандай күшті","Әке деген атқа лайықсыз", "видеоны көріп жылап қалдым", "осындай әкелерің бар бақыттысыңдар", "бәрімізді жылатттыңдар" деп пікір білдірді оқырмандары. 

Еске сала кетейік, әнші Абай Бегейдің бірінші әйелі қайтыс болып, екінші рет үйленген. Қазіргі таңда бірінші некесі мен екінші некедегі балалары бір үйде бақытты ғұмыр кешуде.