Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды
Бақытжан Сапиев осыған дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бақытжан Сапиев осыған дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды. Айта кетейік, бүгін Болат Дембаев Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.