Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Коррупция біздің елімізге керек": әлеуметтік желіге тараған видео қызу талқыға түсті(видео)

"Коррупция біздің елімізге керек": әлеуметтік желіге тараған видео қызу талқыға түсті(видео)
Ашық дереккөзі
Қазақстандық жемқорлық не себепті керек екенін түсіндіруге тырысты

Желіде қазақстандық ер адамның өзгелерге жемқорлықтың пайдасын түсіндірген сәті тарады.Ол видеода "Коррупция біздің елімізге керек" деп нақты айтады.  Бұл мәлімдемені жиын басындағылар ұйып тыңдап, желі қолданушылары таң қалған., хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

"Коррупцияны елімізден толығымен жоюға болмайды. Коррупция былайша келгенде оны мойындау керек біздің елімізге керек нәрсе. Себебі, парақорлықты толығымен алып тастайтын болсақ талапкерлер оқуға түсе алмайды, түскендері ертең сессиясын тапсыра алмайды, сессияны тапсырып шыққандары ертең жұмысқа кіре алмайды.Жұмысқа кіргені қызметін  жоғарылата алмайды. Парақорлықтың бізге қазіргі таңда қатты керек болып тұрған жерлері де бар.  Еліміздің әрбір азаматы өз-өзінен сұрақ қойсын парасыз өмір сүре ала ма, сүре алмай ма? Өмірінде пара берген бе, бермеген бе? Адам өз-өзіне өтірік айта алмайдығой. Сол себепті әрі қарай парасыз өмір сүруге дайын ба? Мысалыға, халық дайын емес деп ойлаймын бізде. ГАИ тоқтатады атып шығады да "аға келісейік та" деп шыға келеді. Ауырып қалады да порталға кезекке тұрып ретімен ауруханаға жату деген жоқ. Бірден таныс іздеп шығады. Балабақшадан да баласын кезексіз өткізу керек. Жақсы мектепке  беру керек. Сол себепті халықтың өзі дайын емес, коррупциясыз өмір сүруге",- деп айтты желіде тараған видеода. 
 

Желі қолданушылары бұл видеода айтылған сөзге қатысты түрлі пікір білдіруде."Негізі сөзінің жаны бар","осы сөзімен ашып айтып тастады", "сарказм сияқты", "парасыз өмір сүре аламыз, толық дайынбыз", "өзі сол парамен өмір сүретін болып тұр" деп пікірін жазуда.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар