Бет пішіні адамның бай немесе кедей екенінен хабар береді: Бай адамды қалай ажыратуды біле жүріңіз
Зерттеушілер "бай" бет-әлпетінің иесінде біршама артықшылықтар болатынын айтты.
Торонто университетінің психология кафедрасы адамның бет-әлпетіне қатысты қызықты зерттеуді аяқтады. Бет пішіні адамның бай немесе кедей екенінен хабар береді деді. Бай адамды қалай ажыратуды болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ғалым-профессор Николас Рул мен Тора Бьонсдоттир университет дәліздерінде бірнеше студенттерді суретке түсірген. Студенттерге мүмкіндігінше бейтарап бет-әлпет жасау керектігін айтқан. Олар фотосуреттерді студенттердің ешқандай заты көрсетілмейтіндей етіп өңдеген.
Профессорлар бұл зерттеуге әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы отбасы балаларын таңдаған. Қарапайым тілмен айтқанда, студенттердің жартысы кедей отбасылардан, жартысы байлардан құралған.
Содан кейін олар суреттегілерді мүлде танымайтын адамдарға көрсетіп, кім кедей отбасында, ал қайсысы бай отбасында өскенін анықтауды сұрады. Олар анықтай алды.
Сізде жоғарыда берілген суретке қарап, студенттердің әлеуметтік жағдайы қандай екінін анықтаңыз. Содан кейін барып өз түйсігіңіздің қаншалықты орынды әрі дәл, тапқыр екенін нақты жауаптан білесіз.
Әдетте, ғалым бай отбасылардан шыққан жастардың жүздері жайбарақат және мейірімді, олар өздерін еркін ұстап, күлімсіреуді жақсы білетінін айтты.
Сондай-ақ, зерттеушілер "бай" бет-әлпетінің иесінде біршама артықшылықтар болатынын айтты. Мысалы, жұмыс берушілер "бет әлпеті бай тұлғаларды" жоғары айлыққа жұмысқа алады. Ал, "кедей бет-әлпетті тұлғаларға" аз жалақы ұсынады деген. Ғалымдардың зерттеуімен келісесіз бе?
Жауап: A және C-бай; B және D-кедей.