Мәдениет

Актриса Мадина Оспан: күйеуіме қызғанатын себеп жоқ

Кино қазақы менталитетке сай болған соң артық іс-әрекеттер болмайтынын айтты.

Актриса Мадина Оспан отбасылы әйелдің рөлін сомдайтын жаңа фильмге түсті. Үнемі ерлі-зайыптылардың рөліне ұсыныс алатын актриса күйеуіне  қызғанатын себеп жоқтығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі NTK Entertainment-ке сілтеме жасап. 

Отбасылы болғалы көп көрінбей кеткен актриса енді ұсыныстарды таңдап, сирек бірақ жақсы рөлдерге түсетінін хабарлады. Қазақы менталитетке сай кинолар болған соң артық іс-әрекеттер болмайды дейді ол.  Күйеуіне де қызғануға себеп бермейтінін айтты.