Басты жаңалықтар

Заңгер Қаңтар оқиғасы алдын ала ұйымдастырылғанын, желідегі "қаһармандар" қолшоқпар екенін айтты

Дикий Арман, Қайраттар өз образдарын ел алдында қалыптастырып, соңынан жастарды ертуінде саяси тапсырма бар деген ой айтылды.

Заңгер Қаңтар оқиғасы алдын ала ұйымдастырылғанын, желідегі "қаһармандар" қолшоқпар екенін айтты. Бұл оқиғаны "тақ үшін іштей болып жатқан күрес" ретінде көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы заңгер әлеуметтік желідегі парақшасына жазған

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікті ұйымдастырғандар түрлі ұрандар ойлап тауып, жастарды өздеріне қаратқанын айтты. Бұл болған оқиғаны заңгер "қойылым" деп көрсетіп, артында режиссері бар деді. Қарапайым халық білуі керек шындықты айтты. Болған төңкеріс бір күнде емес, жылдар бойы дайындалған дейді ол. 

"Үш-төрт жыл бұрын, Қаңтар оқиғасына дейін өздерін бизнесмен, халыққа қайырымдылық жасағыш, көмек бергіш “адамдар” пайда болды. Олар Халықтың алдында өздерін бақуатты көрсетіп, әдемі сөйлеп, атақ пен абырой жинай бастады. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған халық олардың әдемі сөздеріне, қайырымдылық жасаған істеріне сеніп, кәдімгідей илана бастады. Қор ашып, халықтың ақшасын жинап, өздеріне таратып беріп “Батыр”, “Халық жанашырлары” , “қаһармандары” болып шыға келді! Сол арада оларға қошемет жасаушылар да көбейді!Әсіресе, пандемия кезінде қоймаға тығып қойған дәрілер үшін ешқандай шенеунік жазаланбады. Өздерін халықшыл көрсетіп, тамақ таратып, шет елден дәрі әкеліп беріп жатқандарын әл.желіде қайта-қайта көрсетіп отырып, тағы да Халықтың алдында “керемет” кейіппен көрінді. “Біз біргеміз, көкбөрінің ұрпақтарымыз”, деген ұрандарын айтып, көпке тықпалап жүріп, жастардан қолдау тапты.Ол кезде бұл “қойылымның” артында “Қаңды қаңтар” оқиғасының режиссері тұрғанын ешкім білген жоқ! Үлкен бір төңкеріс - бір күнде болатын дүние емес, ол - жылдар бойы дайындалатын жоба…!  

Расында, Тоқаев Президенттікке келгеннен бері, билікті жұмыс істей алмайтын бейшара етіп көрсету, Халық пен Биліктің арасын алшақтату - “баз біреулерге” өте тиімді болып тұр... Бұның бәрі - тақ үшін іштей болып жатқан күрес…!  Саясат түгілі өз құқықтарын қорғай алмайтын қарапайым адамдарға бұның бәрі - түсініксіз тұманды жайттар, әрине?! Бірақ шындықты білуіміз керек! Елдің алдында “халықшыл” болып жүргендер, соңында “біреудің” бұйрығын орындап, Жастарды алаңға шығарды! Арандатты! Ал енді сол бұйрықты бұлжытпай орындағандар:”Біз деген - кінәсізбіз, менің қайырымдылық жасағанымды, жомарттық-мейірімділігімді неге ұмытып кеттіңдер?”, деп әуендерін өзгертіп шыға келді! Бұл оқиғада “қызыл куртка” киіп, “ақ лента” байлағандар - лидерлер! Олар біраз адамдардың басын қосып алаңға жинап, бүлікті қолдан ұйымдастырушылар! “Ақ лента” - олар өздерін жазбай тануы үшін және бір-бірінің уәждерін жаппай қуаттай үшін дайындалған “сигнал” құралдары болған. Дикий Арман, Қайрат Құдайберген, жалпы осы оқиға бойынша қамауда отырған адамдар жайлы жазып жатқандарға айтарым: Сот әділ шешім шығарады!",-деді заңгер Айгүл Орынбек.