40 сағат қоғамдық жұмыс: Төреғалиға сот үкімі шықты
Сот әншінің кішкентай 5 баласы барын ескеріп, жеңілдік жасады
Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты белгілі әнші Төреғали Төреәліге қатысты үкім шығарды.
Соттың хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 1-бөлімі, яғни билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот 2023 жылы 14 маусымда Майлин көшесінде "Lexus" маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады.
Прокурор А-ны кінәлі деп тануды және 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер айыпкерге заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
Айыпкер А. өз кінәсін мойындамады.⠀
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.