Саясат

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкімі тағайындалды

Ғауез Нұрмұхамбетов өңір басшысы лауазымына тағайындалды

Бұған дейін өңірді қазір ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған Айдарбек Сапаров басқарған. 4 қыркүйектен бері облыс басшысы лауазымы бос тұрғанеді, деп жазы KYN.KZ  тілшісі.

Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылдың 11 шілдесінде Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.

1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы.

1994-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы.

1996-1997 жылдары - Қостанай облысы Комсомольский ауданы «Боскольское» КК директоры.

1997-2002 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2002-2008 жылдары - Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.

2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі.

2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы "Содружество" ЖШС  бас директорының орынбасары.

2011-2012 жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі. 

2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қостанай қаласының әкімі.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2015 жылдан 2023 жылға дейін -  Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2023 жылдан 25 қантардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

Ол бірнеше мәрте мемлекеттік наградалармен: «Парасат» (2011) орденімен және мерейтой медальдармен «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Астана» (1999), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Құрметті құрылысшы» (2022) төс белгісімен марапатталған.

Үйленген, төрт баласы мен немересін тәрбиелеп отыр. "Аманат" партиясының мүшесі.