Мәдениет

Блогер Дархан Жолшыбеков: Шетелге көшіп, сонда бизнес жасаймыз

Блогер: Stories-те жұмсақ көрінгенімен, мен өмірде әйеліме қаталмын.

Әлеуметтік желіде өте белсенді блогер, бизнесмен Дархан Жолшыбеков шетелге көшіп, сонда бизнесін 0-ден бастап  жасайтынын айтты. Жан рахатындағы өмірден шығып басқа елде де емін-еркін тұруды көздеген блогер бұл жаңалығымен «OZIMIZGOI» бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.


Бизнесмен отбасылық өмірімен, жұмыс барысындағы біршама жаңалықтарымен бөлісті. Жақында ғана блогер әйеліне су жаңа көлік сыйлап, әнші Садраддиннің концертіне қаржылай көмек берген. Алдағы уақытта  ата-анасына да үлкен сыйлық жасайды екен. Оны қараша айында көрсететінін айтты. Ата-анасының Тараз қаласында тұрса да толық қамтамасыз етемін дейді блогер. 

Жұрт үнемі қызығып қарайтын жұп Дархан мен Даридің арасында ұрыс-керіс өте сирек болады екен.