Елордалық мектепте оқушы баспалдақтан құлап, ауыр жағдайда комаға түсті
Дина Таңсәрі: Балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Бас жарақатының кесірінен оның көзі көрмей бара жатыр.
Астана қаласындағы 14-ші мектепте білім алып жүрген оқушы баспалдақтан құлап, ауыр жағдайда комаға түсті. Мектеп мұғәлімдері оқушыға қарамаған. Ал, қабаттар арасындағы бейнекамера жұмыс істемепті,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлім етті. Оның мәліметінше, жедел жәрдем ұзақ жеткен. Мектепте баспалдақтар қоршалмаған, ал қабаттар арасында орналасқан камералар сол уақытта жұмыс істемепті.
Баспалдақтан қатты құлап жапа шеккеен баланың ашық бас сүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, маңдай сүйегінің сынуы, пневмоцефалия, көз алмасының ісуі, периорбиталды ісу диагнозы қойылған.
Құқық қорғаушы ҚР ҚК-нің 141-бабы (Жас азаматтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) іс қозғап, жауаптыларды қатаң жазалау керегін айтты.