Әнші Индира Елемес күйеуінің өзінен 19 жас үлкен екенін айтты
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2023
- 2.1k
Әнші Индира Елемес күйеуінің өзінен біршама жас үлкен екенін айтып, отбасы жайлы ақпараттарымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Әнші бұл жайлы "Қызықты Weekend” бағдарламасына берген сұхбатында жариялаған.
Индира баларының мінезі жайлы, күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты. Көбіне елде емес, шетелде болған соң, әншілермен жақын араласпайтынын айтты. 3 балалы ана қазіргі таңда балаларының жарқын болашағы үшін күйеуі екеуі еңбек етіп, оларды қолдайтынын айтты.
"Мен 18-ге толар-толмас тұрмысқа шықтым. Бала босанғаннан кейін Қазақстанда көп жүрмеймін. Көбіне шетелде жүремін. Содан болар, көп әншілермен де араласа бермейді екенмін. Қазір бала-шаға өсті. Неге достарым жоқ жанымда деген сауал болады. Екі қыз, бір ұлым бар. Әлі де береді деп үміттенеміз. Өзім көпбалалы ана болғым келеді. Тұңғыш қызымның есімі - Лейла, кенже қызым - Айлин, ұлым - Қажымұқан. Лейла тік мінезді, сабағын жақсы оқиды. Өте намысшыл. Домбыра сабағына барады. Мінезі әкесіне тартқан. Стоматолог болғысы келеді. Әкесі де, мен де қолдаймын. Кореяда білім алғысы келеді. Ұлым кішкентайынан хирург болғысы келеді. Нағыз балалық махаббатты ұлымда сезіндім. Қызым екеуінің арасы жеті жас. Айлин карантин кезінде дүниеге келді", - деді әнші Индира Еле